Кәсіпкерлердің көбі көлеңкелі бизнеспен айналысады – Болат Бақауов

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында бизнес-субъектілерінің 3 мыңы жұмысын мүлдем тоқтатқан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Nur Otan партиясының облыстық филиалында өткен қорытынды кеңес барысында сөйлеген облыс әкімі Болат Бақауов шағын және орта кәсіпкерлік саласында әлі де ауқымды жұмысты атқару керектігін қадап айтты.

«Шағын және орта бизнес субъектілерінің көрсеткіштері артқанымен, облыста тіркелген кәсіпорындардың 8300-інің жұмыс істемейтіні анықталды. Олардың үш мыңы мүлдем жұмысын тоқтатқан. Қалғандары қызметін уақытша тоқтатса, кейбіреулері банкротқа ұшыраған»,- деді Болат Бақауов.

Өңір басшысы облыстық кәсіпкерлік басқармасына мәселені мемлекеттік кіріс департаментімен бірлесе шешуді тапсырды. «Қызмет ететін кәсіпорындардың 40%-ы табыс таппайды, яғни нөлдік есеп тапсырады. Бұдан шығатын қорытынды – кәсіпкерлердің көбі көлеңкелі бизнеспен айналысады», - деді Болат Бақауов. Осы орайда облыс басшысы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәжірибесін кеңейту қажеттілігін атады.
Соңғы жаңалықтар