Кәсіпкерлердің 7 мыңға жуық мәмілесі сот қарауында жатыр – Атамекен

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Салық органдары кәсіпкерлерді мәміле жасаушы екінші тараптың өтелмеген салығын төлетуге мәжбүрлеуді әдетке айналдырған. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұндай мәмілелер өте көп. Қазір сотта осындай 7 мыңға жуық талап арыз бар», - деді Ербол Өстеміров Бас прокуратура кулуарында.

Айтуынша, мұндай жайттар республика бойынша кең тараған.

«Мәмілені жарамсыз деп тану мәселесі шынымен өзекті болып тұр. Биыл біз 12 өңірді аралаған кезде барлық облыста осы мәселе өзекті екеніне көз жеткіздік. Мәселе мынада, мысалы, сіз белгілі бір кәсіпкерден тауар немесе қызмет сатып алдыңыз дейік. Бір жарым жылдан кейін сізге салық қызметкері келіп, «сіздің контрагентіңіз салық төлемеген, орнына сіз төлейсіз» деп хабарлама береді. Соның кесірінен жасалған мәміле жарамсыз деп танылады», - деді Ербол Өстеміров.



Соңғы жаңалықтар