+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Кәсіпкерлерді қолдау: ЖСН мен БСН біріктіріледі

2020 жылғы 20 қаңтар 10:31
Бөлісіңіз:
Кәсіпкерлерді қолдау: ЖСН мен БСН біріктіріледі

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлер палатасына былтыр бизнес өкілдері шамамен 800 рет өз мәселелерімен жүгінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Арбаға таңылған ақтөбелік тағдырластарына тұрмыстық техника жөндеуді үйретуде Ақтөбеде 25 жастағы келіншек 500 мың теңгеге наубайхана ашты Жеңілдетілген несие өз кәсібімді кеңейтуге мүмкіндік берді - кәсіпкер

СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кәсіпкерлердің 86-сы мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз іс-әрекетке шағымданған. Шағымның 80-ні қаралып, 59 оң шешілді. Осылайша 300 млн теңгеден артық сомаға бизнесмендердің құқығын қорғады.

«Облыстың кәсіпкерлері көп жағдайда жер және салық бойынша, ауыл шаруашылығы, соның ішінде субсидия бөлу мәселелерімен шағымданады. Өңір диқандарына гербицид пен тыңайтқыштарға жұмсалған қаражатты қайтару оңайға соқпады. Мәселе түрлі деңгейде - ауыл шаруашылығы басқармасынан бастап, министрлікте де қаралды. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Бас прокуратураның да араласуына тура келді», - дейді СҚО кәсіпкерлер палатасы директоры Жеңіс Қазиев.

Қазіргі таңда субсидия алу мәселесі шешілді. 2020 жылдың ақпан айына дейін Жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН) мен Бизнес сәйкестендіру нөмері (БСН) біріктіріледі, нәтижесінде фермерлер мен шаруа қожалықтары мемлекеттің қолдауына сүйене алады. Осы және басқа да мәселелер жыл бойы кәсіпкерлер құқығын қорғау және кәсіпкерлер палатасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестерінің отырыстарында талқыланды.

Бұдан басқа былтыр әлеуметтік желідегі «СҚО мен Петропавлдағы бизнес» парақшасында «Кәсіпкерге вебинар» онлайн жобасы іске қосылды.

«Кәсіпкерге вебинар – бұл жерде түрлі спикерлер онлайн түрде бизнеске қатысты дәрістер оқиды, сұрақтарға жауап береді. Қатысушылар арасында мемлекеттік сатып алу, жер, салық және еңбек заңнамасы, оңалту және банкроттық туралы заң тақырыптары қызығушылық тудырды», - дейді СҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Әсел Досымова.

Былтыр осындай 14 вебинар өтсе, оны 7 мыңнан астам адам көрген. Бұл жұмыс биыл да жалғаспақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT