Кәсіпкерлерден пара алудың қылмыстық схемасын жасаған лауазымды тұлғалар ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің «Нұр жолы» кеден бекетінің 8 лауазымды тұлғасының қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесілді. Бұл туралы AntikorNews бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР ҰҚК әскери қарсы барлау және Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп, ауқымды іс-шараны өткізу барысында Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің «Нұр жолы» кеден бекетінің 8 лауазымды тұлғасының қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесті», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.


Атап айтқанда, кедендік, көліктік, ветеринарлық-фитосанитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы аталған лауазымды тұлғалар жүйелі негізде кәсіпкерлерден және ҚХР-ға қарай жүретін ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерінен пара алудың қылмыстық схемасын ұйымдастырған.

«Қазақстаннан ҚХР-ға қарай жол жүру үшін бейресми төлем түрінде қалыптасқан «таксаға» байланысты ұзындығы 30 шақырымға дейінгі үлкен кептеліске қатысты лауазымды тұлғалар құқық қорғау органдарының назарына түсті.

Кеден бекетінің 6 лауазымды тұлғасы ұсталып, Талдықорған қаласы ПБ УҰИ-на қамалды, 2 қызметкер өз кінәсін толық мойындауына байланысты ұсталған жоқ.

Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар