Кәсіпкерлер Шардара мен Түлкібастағы ауруханаларға оттегі концентраторын алып берді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында жергілікті кәсіпкерлер ауруханаларға қауіпті індетке шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті медициналық құрал-жабдықтарды алуға көмек көрсетіп жатыр.

Жақында осындай жомарт кәсіпкерлер Шардара мен Түлкібас аудандарындағы ауруханаларға оттегі концентраторларын тарту етті. деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шардара ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен кәсіпкерлер орталық ауруханаға 17 оттегі концентраттарын жеткізіп берді. Қазіргі кезде аталған емдеу мекемесінде барлығы 20 оттегі аппараты бар. Тыныс алуға қажетті құрал-жабдықтар науқастардың денсаулығын жақсарту үшін қолданылуда. Алдағы уақытта демеушілер тағы да оттегі аппараттарын алып беруге уәде етіп отыр. Әдеттегі оттегі балонынан әлдеқайда тиімді және өнімді бұл аппаратқа әсіресе науқастар қуанып, алғыстарын білдірді. Ал, түлкібастық кәсіпкерлер пневмониямен күресте аса қажетті оттегі концентраторының 10 данасын аудандық ауруханаға табыстады. Атап айтқанда, Түлкібас ауданының тумалары «Жігіттер» квартетінің продюсері Ерғали Абдрайымов оттегі концентраторының 5 данасын және «Nur Max» құрылыс компаниясының директоры Лесалы Абзал есімді азамат 5 данасын тарту етті. Олар қандай да қиын кезеңде болмасын туған жерлеріне қолдау көрсетіп, қол ұшын созуға дайын екендіктерін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар