+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Кәсіпкерлер несиесін 90 күнге дейін төлемей, кейінге шегеруге мүмкіндік алды

2020 жылғы 17 наурыз 10:43
Бөлісіңіз:
Кәсіпкерлер несиесін 90 күнге дейін төлемей, кейінге шегеруге мүмкіндік алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Банктер мен микроқаржы ұйымдары қаржылық жағдайы нашарлаған кәсіпкерлер үшін қарыз төлемін 90 күнге дейін шегеруі тиіс. Мұндай жеңілдік туралы Үкімет отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Электрондық саудада жұмыс істейтін кәсіпкерлерді дайындаймыз - Сауда вице-министрі Ортақ платформа арқылы ауыл шаруашылығы мен ірі сауда желілері байланыс орнатты - Әсел Жанасова Біржан Нұрымбетов: Ауыл кәсіпкерлеріне кепілсіз несие беру тетігін енгіземіз

«ҚР банктер және банк қызметі туралы заңының 34-бабының 3-тармағына және микроқаржылық қызмет туралы ҚР заңының 3-бабының 6-тармағына сәйкес кредиторлар шарт талаптарын қарыз алушы үшін жақсартқан жағдайда оларды біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Осыған орай банктер және микроқаржылық ұйымдар төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған жеке кәсіпкерлер мен ШОБ субъектілеріне негізгі борыш пен сыйақыны қоса алғанда төлем мерзімін 90 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдыру жұмысын жүргізуі тиіс», - деді Мадина Әбілқасымова Үкімет отырысында.

Агенттік төрағасының айтуынша, банктер мен несие нарығының басқа да субъектілері аталған шараларды халық пен бизнеске қолайлы болуы үшін барынша қашықтан қатынас жасау арқылы іске асырады. Осылайша қарыз алушылармен өзара іс-қимыл жасаудың тәртібі мен тетіктері айқындалады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мәдина Әбілқасымова банкте кредиті және ломбардта қарызы бар азаматтарға қандай жеңілдіктер жасалатынын мәлім еткен еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT