Кәсіпкерлер несиелерін төлеу мерзімін 3 айға дейін кейінге шегере алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлер несиелерін төлеу мерзімін 3 айға дейін кейінге шегере алады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік комиссия маусым айында бизнесті қолдау жоспарын қабылдады. Оның ішінде бизнес несиелер бойынша бір шара болды. Яғни, несиені төлеу мерзімін кейінге қалдыру тәртібін қабылдау қарастырылды. Арнайы тәртіп Қаржы нарығын реттеу агенттігімен 15 маусымда қабылданды. Заемдарды 90 күннен кем емес кезеңге қайта құрылымдау және кейінге қалдыру үшін банктер мен шағын несие ұйымдарына жеке тәртіппен жүгінуге болады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Айта кетейік, брифинг барысында БАҚ өкілдері вице-министрден: «COVID-19 вирусын жұқтырып ауруханада емделіп жатқан және індет қаупімен провизорлық орталықта не үй карантинінде оқшауланған азаматтардың екінші деңгейлі банктер мен өзге де қаржылық ұйымдар алдында жасауы керек төлем мерзімі мен шарты қалай өзгереді? Несие, қаржылай берешектерін ешбір өсімпұлсыз, пайызсыз шегерудің қандай амалдары қарастырылған?», - деп сұраған еді.


Соңғы жаңалықтар