Кәсіпкерлер мұнай бағасының құлдырауына байланысты ұзақ мерзімді келісімдерге қол қоюды тоқтатты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлер мұнай бағасының құлдырауына байланысты ұзақ мерзімді келісімдерге келуді тоқтатты. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Мемлекеттік тапсырыс-2014» акциясы барысында «Самұрық-Қазына Контракт» АҚ бас директоры Серікбек Елшібеков айтты.

«Мұнай бағасының құлдырауы компаниялардың ұзақ мерзімді келісімдерге қол қоюды тоқтатуына әкелді. Бұл тек бюджеттік қайта қараумен ғана байланысты емес. Мұнай бағасының қарқынды өзгеруінен кәсіпкерлердің қиын жағдайға түсіп қалу мүмкіндігін жоққа шығармаймыз», - деді ол.

Серікбек Елшібековтың айтуынша, ҚР Премьер-министрінің тапсыруымен қор компанияларының басым көпшілігі 5 жылдық мерзімге келісімдерге қол қойған. Аталған келісімдердің негізінде 5 жылдың сатып алу жоспары жасалды.

Қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының компаниялар тобы құны 1 трлн. 147 млрд. теңге болатын 771 ұзақ мерзімді келісімге қол қойған. Олардың ішінде 171 келісім Алматы қаласының жеткізушілерімен бекітілген.

Соңғы жаңалықтар