Кәсіпкерлер қызметкерінің жалақысынан ұсталатын бірыңғай төлемді қалай есептейді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын салық төлеушілер жалақыдан стандартты салық салудың орнына бірыңғай төлем төлей алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірыңғай төлемге: қызметкерлердің табысынан жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарнасы, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна мен аударымдар енгізіледі.

2023 жылы бірыңғай төлем мөлшерлемесі - еңбекақы төлеу қорының 20% көлемінде (мөлшерлемені кезең-кезеңімен ұлғайту көзделген: 2024ж. - 21,5%, 2025ж. – 23,8%, 2026ж. – 24,8%, 2027ж. – 25,8% және 2028ж. – 26,3%).

Бірыңғай төлемді есептеу кезінде әлеуметтік төлемдер бойынша белгіленген жеңілдіктер ескеріледі.

Бірыңғай төлемнің есептелген сомасы қолданылатын салық салу режиміне байланысты 200.00, 910.00 және 920.00 нысанды декларацияларда көрсетіледі.

Бірыңғай төлем ай сайын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей төленеді.

Ол кейіннен бюджетке және тиісті қорларға төлемдерді бөледі және бірыңғай төлем төлеушілердің есебін жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар