Кәсіпкерлер Құрылысты қолдау қорын құруды ұсынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрылысты қолдау қорын құру керек. Бұл туралы Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі кезде ипотекалық несие бөлу бағдарламалары жеткіліксіз болып тұр.

«Салынған нысандардың басым бөлігі ипотекалық несие бөлу есебінен өткізіліп жатыр. Бұл тұрғыда бөлінген лимиттердің игерілуіне орай, халықтың қалтасы көтеретін бағдарламалар нарықтан кетіп жатыр. «7-20-25» бағдарламасының да уақыты жақындап келеді. Отбасы банкі арқылы баспана алуға болады, алайда 50 пайыз сомасындағы бастапқы жарнаны көбісі еңсере алмайды», - деді Б. Жолболдиев қаладағы бизнес өкілдерінің Сенат депутаттарымен кездесуі кезінде.

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, 2021 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда қала бойынша сатылым 6,2 пайызға азайған.

Б. Жолболдиев Құрылысты дамыту қорын құру бастамасына қолдау білдіруді сұрады. Қор баспана тұрғызуда құрылыс салушыларға, ҚР резиденттеріне несие бөлетін болады.

Сонымен қатар, қаладағы құрылыс индустриясын қолдау бойынша өңірлік бағдарламаны әзірлеу ұсынылды.


Соңғы жаңалықтар