Кәсіпкерлер «Бизнес тірегі» жобасын қолдайды

None
None
ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ҚР Бас прокуратурасының Құқықытық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне «Қазақстан Кәсіпкерлерінің Форумы» Кеңесінің Төрағасы Райымбек Баталовтан хат келді.

Хатта соңғы онжылдықта кәсіпкерлерді тексерулерді жүйелеу және реттеу ахуалы жақсы жағына қарай елеулі өзгергені аталып өтілген. Алайда заңсыз тексерулерді тағайындау мен жүргізуге байланысты жағымсыз үрдістер де сақталып отырғанына байланысты, көптеген заңсыз тексерулер прокуратура органдарының бақылауынан тыс қалып жатады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.

«Осыған байланысты Форум кәсіпкерлерге қатысты жүргізілген тексерулердің құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркелгендігін, оған қатысты тағайындалған тексерулердің негізділігін білуге мүмкіндік беретін Комитеттің «Бизнес тірегі» жобасын енгізу мен жүзеге асыру жөніндегі бастамасын қолдайды. Әрине, жобаның артықшылығы, интернет және мобильді байланыс сияқты жаңа технологияларды пайдалану болып табылады. Бұл ретте Р. Батталов кәсіпкерлердің заңсыз тексерулер немесе мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әрекеттері туралы өтініштері мен хабарламаларына сол жерге дереу шыға отырып ықпал ететін прокуратура органдарының жедел жұмыс тобын құрудың және олардың қызметінің оң нәтижесін атап көрсетеді», делінген баспасөз айғағында.

Р.Баталовтың пікірінше, мұның бәрі «Бизнес тірегі» жобасы аясында бизнес пен мемлекеттік бақылау органдарының қарым-қатынастарының жақсаруы мен айқындылығына ықпал етіп, жемқорлықты азайтады, кәсіпкерлерді қорғауды және ақпараттандыруды жақсартады. Өз кезегінде Форум осы бағытта жұмысты жалғастыруға және кәсіпкерлер арасында «Бизнес тірегі» жобасының мүмкіндіктерін пайдалануға үгіт- насихат жүргізуге қолдау көрсетуге даяр екендігін білдірген.

Соңғы жаңалықтар