Кәсіпкерлер «Ashyq» қосымшасына қалай тіркеле алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпкерлерге «Ashyq» қосымшасына тіркеліп, жұмысын жандандырудың екі жолы бар. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ashyq» қосымшасына тіркелудің бас санитарлық дәрігердің қаулысымен бекітілген екі түрлі алгоритмі бар. Бірінші алгоритмде «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы ену қарастырылған. Яғни, бизнесмен Info.kz сайтында өтінім қалдырып, қосымша өңірлік палатаға хабарласады. Өңірлік палата өтінім берушінің талапқа сай екенін растауы керек. Осыдан кейін 7 күн бойы мамандарды оқыту басталады. Оқу аяқталғаннан кейін ақпарат әкімдіктің сайтына түседі», - дейді Ұлттық кәіпкерлік палатасының өкілі.

Оның айтуынша екінші алгоритм қоғамдық тамақтану орындары мен ірі кәсіпорындарға арналған.

«Бұларды жергілікті палата арқылы қадағалау қиын болғандықтан, салалық қауымдастықтар арқылы өтінім рәсімдейді. «Ashyq» қосымшасын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» орталығына тапсырған кезде ақаулар болған. Алматыда тіркеле алмаған бизнес нысандары осы кезеңге тап келген болуы керек. Алматы қаласында індет үдеген кезде қосымшаның жұмысы да уақытша тоқтатылған болатын. Қазір өңірлік палаталар арқылы оқыту белсенді жүріп жатыр. Әкімдердің жауапты орынбасарлары бекітілді. Тіркелу бойынша қиындық жоқ деп ойлаймын», - деді Юлия Якупбаева


Соңғы жаңалықтар