Кәсіпкерлер Әкімшілік кодекске енгізілетін өзгерістерді талқылайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ертең «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында  "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодеске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланады. 

Шараға аккредиттелген қауымдастық өкілдері, жеке кәсіпкерлік субъектілері, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар мен Парламент Мәжілісінің депутаттары және ғалымдар қатысады.

Аталған шараның негізгі мақсаты «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар жайлы Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жайлы» заң жобасының қағидаларын талқылау. Бұл өзгерістер кодекс қағидаларын ізгілендіруге және бизнес өкілдері мен азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталған. 

Соңғы жаңалықтар