+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Кәсіпкерге кедергі келтіргені үшін қылмыстық бап іс жүзінде жұмыс істемейді - Рустам Жүрсінов

2020 жылғы 4 желтоқсан 13:21
Бөлісіңіз:
Кәсіпкерге кедергі келтіргені үшін қылмыстық бап іс жүзінде жұмыс істемейді - Рустам Жүрсінов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргені үшін жауапкершілікке тартудың қылмыстық бабы іс жүзінде жұмыс істемей тұр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Рустам Жүрсінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бизнеске ауқымды шығын келтіргені үшін мемлекеттік қызметшілер өздерінің қателіктеріне іс жүзінде ешқандай жауапкершілікті алмайды. Статистикаға қарағанда, қылмыстық әрі әкімшілік ықпал ету шаралары өте сирек қолданылады», - деді Р. Жүрсінов Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты және құқықтық реттеуді жетілдіру тақырыбындағы Парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік (365-бап) ескерілген.

«Тәжірибе жүзінде ол жұмыс істемей тұр. Соңғы 3 жылда 1 адам сотталған», - деп нақтылады уәкіл.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, 2016 жылы 365-бап бойынша жеті құқық бұзушылық бойынша қылмыстық іс қарауда болған, бесеуі сотқа жолданып, 3 адам сотталды. 2017 жылы бес құқық бұзушылық бойынша іс қаралып, бір адам сотты болды. 2018 жылы осындай статистика тіркелмесе, 2019 жылы үш құқық бұзушылыққа қатысты іс қаралып, сотқа біреуі жолданды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT