Кәсіпкердің отбасын тапаншамен қорқытып тонап кеткендер ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы полициясы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 шілде күні белгісіз үш адам Талғар ауданы Бесағаш ауылының тұрғыны, кәсіпкердің үйін тонау мақсатымен шабуыл жасаған.

Тапанша кезенген үшеу үйге кірісімен ересек адам мен жас жеткіншекті скотчпен байлап қояды.

Тонаушылар үйден жалпы құны 1 млн теңге болатын ақша, зергерлік бұйымдарды қолды еткен.

«Қылмысты тексеру барысында 3 адам күдікті ретінде ұсталды. Олардың екеуі Алматы қаласының тумасы болса, бірі Құрылысшы ауылынан келген екен. Күдіктілердің барлығы да бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылған болып шықты. Қазір аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды», - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Қарақшылық шабуыл кезінде олар тапаншаның макетін пайдаланған.

Сондай-ақ, үшеуінің айтуынша, ұрланған қаржы жұмсалып, зергерлік бұйымдар сатылып кеткен.

Соңғы жаңалықтар