Кәсіпкердің 57 млн теңгесін ұрлап кеткен атыраулық іздестіріліп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде кемпинг қожайынының қомақты ақшасын ұрлап кеткен күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының полиция департаменті Атырау облысының тумасы Фархад Ғаббасовты іздестіріп жатыр. Ол өткен жылдың қараша айында Қобда ауданы, Жарсай-2 ауылының маңында салынып жатқан кемпингтен қомақты ақша ұрланды.

«Кемпинг қожайынына тиесілі 57 млн теңге ұрланды. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша іс тіркелді. 42 жастағы Атырау облысының тумасы Ақтөбенің Алға қаласында тұрған. Денесінде операциядан кейінгі тыртығы бар. Оң қолында орта және сұқ саусақтары жоқ, көзілдірік кию мүмкін», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.



Соңғы жаңалықтар