Кәсіпкердің 27 мың долларын тартып алған күдіктілер ұсталды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында алматылық кәсіпкердің 27,5 мың доллар қаржысын күштеп тартып алған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 28 қаңтар күні Атбасар қаласында болған.

46 жастағы зардап шегушінің сөзінше, жеке кәсіппен айналысатын оған бейтаныс екі адам дене жарақатын салып, 27 500 АҚШ доллары соммасындағы қаржысын, банктік карточкасын және құжаттар салынған қол сөмкесін тартып алған.

«Белгілі болғандай, кәсіпкер Ақмола облысына Алматы қаласынан келген. Күдіктілер ер адамды таңертең қонақүйге бара жатқан жолда тонап кеткен. Күдіктілерді ұстау үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылып, кешенді іздестіру шаралары қолға алынды. Нәтижесінде Атбасар қаласының 26 және 28 жастағы тұрғындары ұсталды», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде, ҚР ҚК 191-бабы (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті лер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.


Соңғы жаңалықтар