Кәсіпкерден сыйлыққа екі шырша алған шенеунік 1 млн теңге айыппұл төлейді

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Ақмола облысында 21 әкімшілік құқық бұзушылықты анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.

Биыл өңірде саладағы құқық бұзушылық бойынша 10 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Кінәлілердің басым бөлігі бұрын пара алған адамдарды жұмысқа алу және заңсыз сыйақы алу фактілерімен айыпталуда.

«Өңірдің квазимемлекеттік секторы ұйымдарының бірінің басшысы бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды ұйымның қызметкері ретінде жұмысқа қабылдады. Мұндай әрекеттер үшін Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 681-бабы бойынша жауапкершілік көзделген. Нәтижесінде кінәліге 153 150 теңге сомасында айыппұл салынды», - деді ведомстводан.

Сонымен қатар заңсыз сыйақы алу фактілері де жиі кездеседі.

«Заңсыз материалдық сыйақы алған аумақтық меморганның қызметкеріне 1 286 460 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол сыйлық ретінде кәсіпкерден екі шырша алған», - деп толықтырды департамент.

Соңғы жаңалықтар