Кәсіпкерден 3 миллион теңге пара алған экс-әкімге ірі көлемде айыппұл салынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы Қосшы селолық округінің бұрынғы әкіміне 9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотына сілтеме жасап.

Сот үкімінде көрсетілгендей Астана қаласындағы мейрамханалардың бірінің маңында 35 жастағы экс-әкім кәсіпкер әйелден коммерциялық мақсатта жер телімін алуға көмектесемін деп 3 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде қолға түсті. Әйел Қосшы ауылында сауықтыру кешенін салу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ болған.

Алайда, жер телімін ұсыну әкімнің құзыретіне кірмейді және ол бұл мәселені шеше алмайды. Сондықтан, сот қылмыстық істі «өзінің қызмет бабын және тұлғаның сенімін пайдалана отырып, біреудің мүлкін жымқыру, алаяқтық жасауға оқталу» бабына өзгертті.

Айыпталушы жер телімін ұсынуда өзінің ешқандай құзыреті жоқтығын алға артып, өзінің кінәсін мойындамады. Қолма-қол ақша алып жатқан жерінде ұсталынғанын әдейі ойластырылған деп отыр.

Дегенмен, сот экс-әкімді айыпты деп танып, 4 мың АЕК-962000 көлемінде теңге айыппұл салды. Айыпталушы 2018 жылдың қаңтар - наурыз айларында қамауда отырғандықтан айыппұл көлемі 8869640 теңге қысқартылды. Сонымен қатар, шенеунік 3 жылға әкім қызметін атқару құқынан айрылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар