Кәсіпкер Ресейден әкелген тауарының салығын төлеуден жалтарған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Ресейден әкелген тауарының салығын төлеуден жалтарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

2019 жылғы маусымда жеке кәсіпкер Ресей Федерациясынан жалпы салмағы 19 820 келі болатын 8,3 млн теңгенің жұмысшыларға арналған қолғабын әкелген. Тауардың қосымша құн салығы 1 004 497 теңге.

Бақылау нәтижесінде салық төлеушінің аталған кезең бойынша салық есептілігін ұсынбағандығы және салықты төлемегені анықталды.

«Хабарламаға жауап ретінде салық төлеуші 2019 жылғы маусымда тауар әкелмегенін, сәйкесінше салықтық есептілік нысанын ұсынбағанын түсіндірді. Алайда 29 қазанда Батыс Қазақстан облысының «Сырым» өткізу пунктінде тіркемесі бар автокөлік тоқтатылып, онда құжаттарға сәйкес импорттаушы ресейлік жеткізушіден 5 263 608 теңге сомасына 1 455 қап (375 390 жұп) жұмыс қолғабын Қазақстанға әкелгені анықталды, ҚҚС сомасы 631 633 теңге. «Мән-жайды анықтау барысында кәсіпкер аталған тауарды шынымен импорттайтынын түсіндірді. 650 000 теңге мөлшерінде салық сомасын төлеп, салық есептілігін тапсыруға міндеттенді», делінген хабарламада.

Тексеру барысында кәсіпкердің осындай ұқсас тауарды елге бұған дейін бірнеше рет жеткізгендігі белгілі болды.

Осыған байланысты, кәсіпкер маусым айында тауарды әкелуге қатысты түсінік берді.

«Ол тауар әкелгенін, бұған дейін хабарламаға теріс жауапты қателесіп бергенін мойындап, 1 005 000 теңге мөлшерінде ҚҚС сомасын төледі. Толық салық есептілігін тапсыруға міндеттенді», делінген хабарламада.

Салық төлеушіге 1 655 000 теңге төленген салықтан басқа, сонымен қатар ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 287-бабына сәйкес импортқа қосымша құн салынған уақтылы төлемегені үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар