Кәсіпкер пікірі: Цифрлық технология өмірімізді сапалы ете түспек

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын Жолдауы бәрімізге де жаңа бағыт-бағдар беріп, әрі қарайғы істерімізге қанат бітіреді. Шымкенттік кәсіпкер әрі облыстық мәслихаттың депутаты Әбілқасым Досболов Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзінше, Мемлекет басшысы өз Жолдауы арқылы болашақта іске асыруға тиісті маңызды стратегиялық қадамдарды белгілеп берді.

Кәсіпкердің пікірінше, Мемлекет басшысының Жолдауында көптеген мәселлелер қамтылған.

«Жолдауда цифрлық технологияны енгізіп, сол арқылы әлемдік бәсекеге қабілетті болу қажеттігі туралы айтылды. Шынында да электронды технологиялар дәуірі жүріп тұрған заманда оны күнделікті тіршілігімізде жан-жақты қолданып, игілігін көре алмасақ, ешқашан дамыған мемлекет ретінде алға озып шықпаймыз»,- дейді Әбілқасым Досболов.

Кәсіпкер сондай-ақ Президент Жолдауындағы индустрияландыру саясатына қатысты мәселлелер ерекше назар аудартады.

«Жолдауда Елбасы индустрияландыру саясаты экономиканың флагманына айналуы тиіс деген тапсырма жүктеді. Расында да Қазақстанның бүгінгі жеткен жетістігі ең алдымен Мемлекет басшысының пәрменімен іске асырылған индустрияландыру бағдарламасының арқасында мүмкін болды. Міне, соның нәтижесінде қаншама жаңа өндіріс орындары пайда болды. Ол өз кезегінде мыңдаған қазақстандықтар үшін тұрақты жұмыс көзіне айналды. Осы бағыттан таймасақ, еліміздің келешегі кемел болары сөзсіз. Өйткені, қазіргі дамыған мемлекеттердің бәрі де осы жолмен жүріп өткен»,- дейді облыстық мәслихаттың депутаты.

Соңғы жаңалықтар