Кәсіпкер Мухоряповқа қатысты Бас прокуратура пікір білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев тіл мәселесі бойынша қоғамның сынына іліккен кәсіпкер Рамиль Мухоряповқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Қазіргі кезде Мухоряповқа қатысты Алматы қаласының Полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Осы орайда тиісті сараптамалар белгіленді. Сондықтан сараптама нәтижесіне қарай оның іс-қимылына баға беріледі», - деді Әсет Шындалиев.

Айта кетейік, қазақстандық кәсіпкер Рамиль Мухоряповтің елімізге келген шетелдіктермен кездесуінде қазақ тіліне қатысты айтқан сөзі әлеуметтік желіде дау туғызды. Кейіннен ол өз сөзіне қатысты кешірім сұраған болатын.


Видеодан алынған кадр/instagram.com/rrm777




Соңғы жаңалықтар