Кәсіпкер Қуат Сұлтанбековтің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді – Антикор

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Антикор қызметі куәсіпкер Қуат Сұлтанбековтің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ведомство аталған ақпаратты растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ.М.Сұлтанбековтың арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын тіркеді. Арыз берушінің уәждері тергеу барысында тексерілетін болады. Өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген Антикор мәліметінде.

Сот бизнесмен Қуат Сұлтанбековке қатысты істі тоқтатқаны туралы бұған дейін хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар