Кәсіпкер: Ауылға жол салу - дамуға серпін беретін жұмыс

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі көпірлер мен жолдар құрылысын жүргізіп отырған кәсіпкер Төлеген Таңатаров Жолдаудағы ауыл жолдары құрылысының маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Ақтөбе облысында 150 шақырым жол жөнделіп жатыр. Қала ішіндегі екі көпірді салған «Trans-MostGroup» құрылыс ұйымының бас директоры Төлеген Таңатаров енді ауыл жолдары жөнделсе, қатынас артып, адамдар жол азабынан арылатынын айтып берді.

«Республика көлемінде жолдар мен көпірлерді салуға, соның ішінде біздің өңірде де үлкен қаражат бөлінеді. Қаржылай қолдаудың мол қоры Мемлекет басшысының ауылдар мен аудан орталықтарын облыс орталықтарымен байланыстыратын сапалы жолдардың құрылысы туралы тапсырмасын толық орындауға мүмкіндік береді. Бұл шара ауылдың дамуына күмәнсіз серпін береді», - деді «Trans-MostGroup» құрылыс ұйымының бас директоры Төлеген Таңатаров.

nullЕлбасы өз Жолдауында әкімдерге ауыл, аудан арасындағы қатынасты ретке келтіруді тапсырды. Енді қаржыландыру көлемі артып, жергілікті маңызы бар жолдарға 150 миллиард теңгеге дейін, ал ауылдық жерлерді сумен қамтуға 100 миллиард теңгеге дейін қаржы бөлінеді.
Еске салсақ, биыл Ақтөбе-Атырау жолы салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары кезінде жергілікті материалдары пайдаланылады. 

Бұл Ақтөбенің Темір, Алға, Мұғалжар, Байғанин аудандарына апаратын жолды қалпына келтіруге мүмкіндік беретін жоба. Сонымен қатар, Ақтөбе-Орск тасжолы салынып жатыр. Әрі ауыл ішіндегі жолдар құрылысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүргізілді.

 

Соңғы жаңалықтар