+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Кәсіпкер ана: Елордада үй шаруасындағы әйелдерге табыс табуды үйрететін жоба бар

2020 жылғы 22 мамыр 08:51
Бөлісіңіз:
Кәсіпкер ана: Елордада үй шаруасындағы әйелдерге табыс табуды үйрететін жоба бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Кәсіпкер ана» жобасының жетекшісі Айнұр Әмірхан үй шаруасындағы әйелдермен бизнес жүргізу құпиясын бөлісіп, оларға өз ісін ашуға көмектесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылы Нұр-Сұлтанда «Кәсіпкер ана» пилоттық жобасы іске қосылды. Әлеуметтік аз қамтылған әйелдерге арналған жобаға бүгінге дейін 700-ге жуық өтінім түсті.

«Елімізде бизнес ашу үшін қолайлы жағдай бар. Өзім Ресейде тудым, сол жақта өстім. Салыстырмалы түрде айтар болсам ол жақта Қазақстандағыдай көмек жоқ. Мұнда тек мораторий, коммуналдық төлемдер арзан, «Даму» қоры бар, арзан мөлшерлемемен несие береді және басқалар. Кейде біз қолда барды бағаламайтын сияқтымыз. Ал әлеуметтік аз қамтылған әйелдерге келетін болсақ, әрине олардың өз кәсібін бастауға мүмкіндігі жоқ. Білім, дағды керек. Осы жоба арқылы жұмыссыз әйелдерді креативті ойлауға дағдыландыруды көздедік», – дейді Айнұр Әмірхан.

Аз уақыт ішінде 200-ден астам адам қысқа мерзімді курстан өтті. Қажетті дағдыны меңгерген соң өз ісін бастап, ақша табуды үйренгендер бар.

«Бір көпбалалы анамыз өз үйінде құймақ пісіреді. Біз оған жарнама жасап көмектестік. Тапсырыстың көп болғаны сонша, оған тіпті балалары да көмектесті. Екі апта бойы жұмыс істеп жинаған ақшаға балаларына сапалы киім сатып әперді. Тағы бір ана ыдыс-аяқты жалға беру арқылы ақша тауып отыр. Қонақ шақырғанда үстелді жабдықтау қызметіне сұраныс жоғары екеніне көз жеткіздік. Айта берсек, жобадан кейін өз кәсібін дөңгелетіп әкеткен аналар көп. Ең бастысы - олар алысқа бармай-ақ қолынан келетін іс арқылы ақша табуды үйренуде. Сондай-ақ ол жұмысқа балаларын да араластырып, оларды ерте жастан еңбекке баулып отыр», – деп қосты жоба жетекшісі.

Карантинге дейін оффлайн форматта өткен оқу коронавирус пандемиясына байланысты онлайн форматқа көшірілді. Оқу ІТ-бағдарламалау, СММ, аспаздық, графикалық дизайн, массаж, кондитер, коуч-психолог және басқа бағыттар бойынша жүргізіледі. «Кәсіпкер ана» жобасына көпбалалы, жалғызбасты, мүгедек бала тәрбиелейтін және АӘК алатын аналар қатыса алады.

«Инстаграм желісінде «Кәсіпкер ана» деген парақшамыз бар. Онда телеграм-боттың сілтемесі көрсетілген. Жобаға қатысқысы келетін аналар қажетті ақпаратты содан таба алады. Карантинге байланысты біраз жоспарымыз өзгерді. Әзірше оқу тек онлайн өтіп жатыр. Карантин алынған соң онлайнмен бірге оффлайн оқытуды да қалдырамыз деп отырмыз. Мәселен, мүгедек баласы бар аналарға үйден шықпай-ақ онлайн оқыған ыңғайлы», – дейді жобаның үйлестірушісі Мадина Ибраева.

Жобаның жетекшілері «Кәсіпкер ана» - пилоттық болғандықтан кейбір тұстары жетілдіруді қажет етеді, карантиннен соң одан әрі жетілдіріп, толықтырамыз деп отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT