Кәсіп ашу үшін азаматтарға берілетін мемлекеттік грант сомасы ұлғайды
2022 жылғы 9 тамыз 13:20

Кәсіп ашу үшін азаматтарға берілетін мемлекеттік грант сомасы ұлғайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл кәсібін ашуға ниетті адамдар үшін мемлекет тарапынан берілетін грант сомасы өсті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бақыт Бекенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттың сомасы биыл 200 АЕК-тен (636 000 теңге) 400 АЕК-ке (1 225 200 теңге) дейін өсті. Бұл қаражатты азаматтар қайтарусыз, өтеусіз негізде алады. Грант бағдарламаға қатысушыларға тек бір рет ғана беріледі», - деді Бақыт Бекенов.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы бизнес бастауға әзір 350 азаматқа грант беру жоспарланған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында мұқтаж жандарға жеке кәсіп ашуға 300-ге жуық грант бөлінетінін хабарлап едік.



Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT