Кәсіп ашамын деген қыз-келіншектер үшін арнайы несие бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің кей банктері әйелдерге арнайы бағдарлама әзірлеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгін бұл туралы Астанада өткен халықаралық форумда айтылды. Мұнда ТМД елдерінен келген сарабдал сарапшылар бизнес жүргізуге қатысты тәжірибелерімен бөлісті. Делегация өкілдері табысты іс бастауға байланысты жобаларын таныстырды.

«Несие алуға ниет танытып отырған нәзік жандар міндетті түрде шағын немесе орта бизнес өкілі және Қазақстан резиденті болуы шарт. Біздің жобамыздың «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына түк қатысы жоқ. Сондықтан біз кез келген кәсіпті қаржыландыруға дайынбыз», - дейді ЕҚДБ Қазақстан бойынша менеджері Алма Қасымова. 

Соңғы жаңалықтар