+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

Қасиетті Рамазан айы басталды

2019 жылғы 6 мамыр 00:01
Бөлісіңіз:
Қасиетті Рамазан айы басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ораза 6 мамырдан 5 маусымға дейін жалғасады.

«6 мамыр - Рамазан айының бірінші күні. Биыл 30 күн ауыз бекітеміз. Қасиетті Қадір түні - 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусым - ораза айттың бірінші күні. Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін», - деп жазған еді А. Қонарбайұлы өзінің Фейсбук парақшасында.

Ораза тұту - игі мұсылман қауымының бес парызының бірі. Жалпы «ораза» сөзінің мағынасы - бір нәрседен алыстау, белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу дегенді білдіреді.

Оразаға ниет: «Алла Тағаланың разылығы үшін таңнан күн батқанға дейін мүбәрак Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

Ауызашар дұғасы: «Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешіре гөр!»

Жамағат назарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметтері негізінде Ораза айында мән берер мәліметтерді ұсынамыз:

- Пiтiр-садақаны Рамазан айының басынан Айт намазына дейiн беруге болады. Еліміз бойынша әр адамға 300 теңге.

- Пітір-садақадан түскен қаражат есебінен мүгедектер мен қарттарға, жесір әйелдер мен жетімдерге, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетіледі.

- Жүкті, омырауда баласы бар немесе хайыз, нифас кезіндегі әйелдерге, жолаушыларға, науқас жандарға ораза ұстау - парыз емес.

- Сапарда жүргендерге ораза ұстамауға болады. Бірақ басқа күндерде санын толтырып, ауыз бекітеді. Егер сапар қиындық туғызбаса, абзалы - ауыз бекіту.

Биылғы Рамазан айында берілетін пітір-садақаның көлемін мына сілтемеден көруге болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Дін, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT