Қасиетті Рамазан айы басталды: Қазақстанның бүкіл өңірі бойынша ораза кестесі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ораза тұту - игі мұсылман қауымының бес парызының бірі. Жалпы «ораза» сөзінің мағынасы - бір нәрседен алыстау, белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу дегенді білдіреді. Сәресін ішу таң намазының уақыты кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады.

Биыл Рамазан айының бірінші күні 2 сәуірге тура келеді. 30 күн ауыз бекітіледі. Қасиетті Қадір түні - 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн. Ал 1 мамыр - ораза айттың бірінші күні.

Оразаға ниет: «Алла Тағаланың разылығы үшін таңнан күн батқанға дейін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

Ауызашар дұғасы: «Уа, Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризықпен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешіре гөр!»

Пiтiр садақаны Рамазан айының басынан Айт намазына дейiн беруге болады. Еліміз бойынша пітір садақасының мөлшері әр адамға 500 теңге болып бекітілген. Бұл - пітір садақаның ең төменгі мөлшері. Бұл мөлшерден асырып, көбірек беруге де рұқсат.

Пітір-садақадан түскен қаражат есебінен мүгедектер мен қарттарға, жесір әйелдер мен жетімдерге, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетіледі. Садақаны бірқатар банктің мобильді қосымшалары және Қазпошта арқылы аударуға болады.

Жүкті, омырауда баласы бар немесе хайыз, нифас кезіндегі әйелдерге, жолаушыларға, науқас жандарға ораза ұстау - парыз емес. Сапарда жүргендерге ораза ұстамауға болады. Бірақ басқа күндерде санын толтырып, ауыз бекітеді. Егер сапар қиындық туғызбаса, абзалы - ауыз бекіту.


Соңғы жаңалықтар