«Қасиетті Қазақстан»: Жаңа музей-қорықтардың іргесі қаланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия отырысында «Қасиетті Қазақстан» жобасы бойынша жұмыс нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қасиетті Қазақстан» жобасы сәтті іске асырылып жатыр: осы күнге дейін 28 тарихи нысан қалпына келтіріліп, жаңа «Бозоқ», «Ботай», «Сарайшық» музей-қорықтарының іргесі қаланды. Сонымен бірге, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында да біршама жобалар жүзеге асырылу кезеңінде тұр.

Жұмыс нәтижелері туралы отырыс барысында ҚР Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің жетекшісі Нұрлан Сауранбаев, «Wikibilim» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Рауан Кенжеханұлы, ҚР Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Аида Балаева, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев баян етті.

Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ары қарай жүзеге асыру бойынша жұмысты үдету қажеттігін айтып, біршама тапсырмалар берді. Ол тапсырмалардың жүзеге асырылуы ҚР Президенті Әкімшілігі мен Ұлттық комиссияның тұрақты бақылауында болмақ.

Еске сала кетсек, бүгін Ақордада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті.

Соңғы жаңалықтар