«Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалінің жеңімпаздары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелдік қандастарымыздың қатысуымен өткен «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтулы бәсекеге 10 елден 50-ге жуық өнерпаз қатысты, оның ішінде өз елімізден басқа Қырғызстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Иран және тағы басқа мемлекеттердің өкілдері бар. 

Фестиваль үш бағыт бойынша өтті және әділқазылар Гран-приден бөлек әр номинация бойынша 3 жүлделі орын мен ынталандыру сыйақысын тағайындады.

«Аталған фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Отандастар» қорының ең бірінші өткізіп жатқан шарасы. Қор ұжымына алғыс білдіре отырып, бұдан әрі бірлесе жұмыс жасап, сыртта жүрген ағайындарға осындай шаралар ұйымдастырып, ортақ мақсаттарды орындауға біз әрқашанда дайынбыз», - деді ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев.

«Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалінің жеңімпаздары:

Фестивальдің Гран-приі жүлдесін Қытайдан келген қандасымыз Жұматай Коксубай олжалады. Термешіге бас жүлдені министр Д.Кәлетаевтың өзі табыстады.

 «Терме өнері» номинациясы:

1 орын Нұржігіт Есxат (Қытай);

2 орын Жанғар Мәмбетназаров (Өзбекстан);

3 орын Арман Қалелбекұлы (Қазақстан, Астана);

«Жыр мүшәйрасы» номинациясы:

1 орын Шынарбек Жомартұлы (Қазақстан, Түркістан облысы);

2 орын Нарқұлан Райxанұлы (Монғолия);

3 орын Алаш Тұрсынәліұлы (Қытай).

«Қолөнер» номинациясы:

1 орын Хабыл Қайып (Монғолия);

2 орын Нарғыз Тіней (Түркия);

3 орын Артықбай Смағұлов (Ресей).

Жеңімпаздарға бас жүлдеге 400 мың теңге, 1 орын иегерлеріне 250 мың теңге,  2 орынға 150  мың теңге және 3 орын жеңімпаздарына 100 мың теңгеден табысталды, одан бөлек, 11 қатысушыға ынталандыру сыйақысы тағайындалса, оларға 50 мың теңгеден берілді.

Астанадағы айтулы фестивальдің басталғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Шетелдік отандастарымыздың елорда төріне жиналуына ұйытқы болған Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы мен «Отандастар» қоры. Шара ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өтті.

 

Соңғы жаңалықтар