Қасиетті домбыраның түрлері туралы не білеміз?

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қалаға келген қонақтардың, шетелдіктердің бас сұғатын ерекше көрнекті орны бар. Ол - Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейі. Әрине, адамдар домбыраны күнде көріп жүр. Бірақ, мұнда күй атасы Құрманғазының, Динаның, Ақан сері мен Біржан салдың, Махамбет Өтемісұлының, Нұрғиса Тілендиевтің, Ахмет Жұбанов сияқты он саусағынан өнер тамған азаматтардың қолында күмбірлеген аспаптарды көруге мүмкіндік бар.

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейіне қасиетті домбыраға 2 үлкен зал берілген.

null«Қос ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра, нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» демекші музейде сақталған ерекше экспонаттармен Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі қорының сақтаушысы Жансая Қожахан таныстырды.

nullОның айтуынша, музейде 200-ге тарта домбыра сақтаулы. Олардың әрқайсысы өзінше құнды, тарихы әртүрлі.

Негізінен құнды экспонаттар қатарына мемориалдық залда тұрған домбыралар жатады.

null

«Домбыра - қазақпен егіз аспап. Рухани мәдениетімізді осы күнге жеткізген қасиетті қара домбырасы. Оның пайда болуы және дамуы жайлы көп әңгімелер бар. Жошы ханның ұлымен байланысты Ақсақ құлан туралы аңызды да білесіздер. Соңғы кездерде жүргізілген археологиялық қазбалардан домбыраға ұқсас аспап табылуы, тасқа қашалған суреттер табылғаны домбыраның тарихы тереңде екенін білдірсе керек. Моңғолия жерінен 1500 жылдық тарихы бар домбыра табылды. Домбыраға ұқсас көне аспапты ШҚО Алтай жерінен археолог, тарихшы Зейнолла Самашев тапқан болатын. Көне жәдігер шамамен сақ дәуіріне сәйкес келеді»,- деді  Ж.Қожахан.

nullМұнда бағалы экспонаттардың көпшілігі мемориал залында орналасқан.

Мұнда белгілі ақын-жыраулар, сал-серілердің күйші- композиторлар ұстаған домбыралар сақталған. Олардың әрқайсысының дауысы, түр-пішіні өзгеше.

nullЖансая Қожаханның айтуынша, домбыраның өзі географиялық ерекшелікке қарай екі түрге бөлінеді.

Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан, Жетісу жерінде қалақ түріндегі домбыра кеңінен таралған. Қалақ пішінді домбыра атақты Ақан серіде, Біржан салда болған. Мұндай домбыра әнді сүйемелдеуде және шертпе күй орындауға қолданылады.

null
Ақан сері мен Біржан салдың домбыралары

Ал жұмыр шанақ пішінді домбыра батыс пен оңтүстікте көп кездеседі.

Ерекшелеп айтар болсақ, Махамбет Өтемісұлы, Сейтек Оразалыұлының домбыралары жұмыр шанақ пішінді. Жұмыр шанақ домбыраларды кейбір шеберлер түрікмен домбырасына ұқсатып тұтастай мойнымен жасаған.

Жұмыр шанақ домбыра көбіне динамикалық төкпе күйлерді орындауға арналған.

Маманның айтуынша, ең әсем қоңыр әуен малдың ішегінен жасалған домбыраларда болады.

«Ертеректе ата-бабаларымыз малдың ішегін пайдаланған. Қазір оған екінің бірінің қолы жете бермейді. Сонымен қатар, тез шіриді. Қазір оның орнына желкі, жібек жіп қолданады. Әуеніне келер болсақ, табиғи жасалған ішектен жасалған домбыраның үні керемет болады. Домбыра құралып та жасалады. Сондай-ақ, небір мықты шеберлер оны тұтас ағаштан ойып та жасайды», - деді ол.

nullnull

шегі қойдың ішегінен жасалған домбыра


Мұнда жеткізілген домбыралардың барлығының келу тарихы да әртүрлі.

Былтыр музейге тапсырылған Ақан серінің домбырасын Сәкен сері Жүнісов Ақанның ғашығы Ақтоқтының ұрпақтарынан алған.

Құрманғазы Сағырбайұлының домбырасының көшірмесін  көшірмесін, оның шәкірті Ерғали Есжановтың домбырасын белгілі күйші Едіге Нәбиев тапсырған.

Динаның домбырасы 1980 жылы Атырау тарихи өлкетану музейінен жеткізілген.

null
Динаның домбырасы

Сонымен қатар, музейде ең көне экспонаттардың бірінің көшірмесі таңқалдырады.

Ресейдің Саратов елді мекеніндегі көшпенділер қонысында домбыраға да, қобызға да ұқсайтын көне аспаптың фрагменттері табылды.

Бұл шамамен ХІІІ-ХҮ ғасырларға тән жәдігер екені анықталды.

null

Сарытаудан табылған ескі домбыра

Музей экспонаттарын тамашалай отырып жер бетіндегі халықтар тек қана экономикалық географиялық тұрғыдан ғана байланыста болмағанын анық аңғаруға болады. Музейде орналасқан басқа ұлт өкілдерінің ішекті аспаптары  көне мәдениеттің сабақтастығы, мәдениеттер байланысынан сыр шертеді.

Тіпті Африканың Марокко еліндегі тайпаларда да домбыраға ұқсас аспап бар екен. Атауы да ұқсас - Гамбри
null null null null 

өзге ұлттың домбыраға ұқсас аспаптары

«Туыстас халықтардың қайсысын алсақ та,  аспаптар өте ұқсас болып келеді. Түріктердің сазы, формасы бойынша келеді. Тек жасалу технологиясы басқа. Өзбектерде, қарақалпақтарда дутар аспабы бар. Қырғыздың қобузы да қазақтың домбырасына ұқсайды. Түрікмендер аспаптарына металл ішек тартса, өзбектер біз сияқты желкі тартады», - деді Жансая Қожаханқызы.

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейіне көбіне шетелдіктер жиі келеді. Өйткені олардың қызығушылығын тек домбыра ғана емес, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары тудырып отыр.

Соңғы жаңалықтар