Кәсіби құтқарушылар апаттар кезінде шұғыл әрекет етуден жарысты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Алматы облысының Тамғалы тас шатқалында өткен «Қазқұтқару-2017» республикалық жарысында Қостанай облысының құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Жыл сайын өтетін «Қазқұтқару» байқауының негізгі міндеті - іздестіру, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу және Төтенше жағдай комитетінің кәсіби құтқару қызметтері арасында өзара іс-қимылды пысықтау дағдыларын жетілдіру. «Қазқұтқару» республикалық жарысы осымен 22-інші рет өткізілді. Оған ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті құтқару бөлімшелерінің 14 командасы қатысты.

Семинар нәтижесі бойынша Қостанай облысы бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, үшінші орынды Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы қанжығалады.

«Қостанайлық құтқарушылар осы жарысқа қатысу арқылы едәуір тәжірибе жинады. Мәселен, жарыстың «Форд» атты кезеңінде техногендік апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстарын үйрендік. Біз бұл семинарға 2003 жылдан бері қатысып келеміз. Нәтиже жаман емес», - деді Қостанай облысы солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы бастығының орынбасары Сергей Шмидт.


Соңғы жаңалықтар