+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қашып кеткен сарбаздар Ақтау қаласының дәмханаларының бірінен табылды

2012 жылғы 20 қаңтар 07:57
Бөлісіңіз:

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Өз еріктерімен кетіп қалған №25744 әскери бөлімінің мерзімдік қызметіндегі сарбаздар ұсталды.

Олар Ақтау қаласындағы жергілікті дәмханалардың бірінен табылды.

Бұл туралы бүгін «Экспресс К» басылымы жазады.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қаңтарда қаруланған сарбаздар қала іргесіндегі өндірістік аймақтағы қарауыл нысанынан қашып, өздерімен бірге Калашников қаруын ала кеткен.

Маңғыстау облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, қашқындар сол күні кешке ұсталды.

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның барысында сарбаздардың қарауыл қосынын қалдырып, әскерден қашып кеткен себептері анықталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT