+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қашықтан жұмыс істейтін ресейліктердің 60 пайыздан көбі кеңсеге оралғысы келеді

2020 жылғы 5 тамыз 10:29
Бөлісіңіз:
Қашықтан жұмыс істейтін ресейліктердің 60 пайыздан көбі кеңсеге оралғысы келеді

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Коронавирустан қорғану үшін шектеу шараларының аясында қашықтан жұмыс істеп жүрген ресейліктердің 63 пайызы тезірек кеңсеге оралғысы келіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте Қазақстанда 58 адамнан коронавирус анықталды Алматы емханалары коронавирустың жаңа толқынына дайындықты бастады Петропавлда жаңа инфекциялық аурухана салынып жатыр

Бұны IDF Eurasia (Moneyman онлайн-несиелендіру қызметі брендімен жұмыс істеп жатыр) жүргізген сауалнама көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Жұмыскерлердің 63 пайызы қызметтік міндетін тез арада тікелей кеңседе атқаруға ниет білдіріп отыр. Бұл арада еңбек өнімділігінің 35 пайызға төмендегені аталды (бұл туралы кадрлық қызмет және басқарушы топт өкілдері хабарлады)», - делінген материалда.

Еңбек өнімділігінің азаюына әкелген негізгі себептер ретінде респонденттердің 33 пайызы енжарлық пен күйзелісті, 38 пайызы – адамдармен қатынастың жетіспеушілігін атаса, тағы 30 пайызы үйдегі адамдармен араласу қажеттілігі, теледидар, тұрақты түрде тамақ қабылдау сияқты алаңдататын факторлардан арыла алмай жүргенін мәлімдеді.

Бұл ретте ІТ-мамандар сияқты кәсіптер арасында еңбек өнімділігі 17 пайызға артқан.

Еңбек өнімділігінің төмендеуінің орнын толтыру мақсатында басшылардың 55 пайызы материалдық емес ынталандыру бойынша қосымша шараларды енгізген. Бұл ретте 22 пайызы қызметкердің жұмыс көлемін белгіленген мерзімде игере алмаған жағдайда айыппұл санкцияларын енгізді. Басшылардың 10 пайызы бейресми жағдайда оқыту және тілдесу арқылы қызметкерлерінің рухын көтермелеп, жұмысқа ынталандырады, қалған 13 пайызы жұмыс процестерінің штаттық режимі өтіп жатқанын мәлімдеген.

Сауалнамаға экономиканың барлық басты салаларының шағын және орта бизнестің 130-дан астам компаниясынан 3400-ден астам адам қатысқан. Зерттеуге кеңсе қызметкерлері, сондай-ақ HR-мамандар мен компания басшылары қатысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT