+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Қашықтан сабақ беретін мұғалімдер арнайы курстан өтеді - министр

2020 жылғы 14 шілде 12:40
Бөлісіңіз:
Қашықтан сабақ беретін мұғалімдер арнайы курстан өтеді - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыныпта сабақ беру мен қашықтан сабақ берудің айырмашылығы өте көп. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түлкібас ауданында орта мектептер жаңартылуда Қазақстанның 10 облысында суицидтің алдын алу бойынша әдістемелер енгізілуде Есеп комитеті Білім министрлігінің шығыстарына аудит жүргізеді

«Қашықтан оқыту форматында педагогтарға қойылатын бірқатар талап бар. Біріншіден, ІТ технологиясы бойынша талап. Олар ІТ технологиясы, интернет платформасы, интернет жүйесімен жұмыс істей білуі керек. Біз дайындаған біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдерге осымен жұмыс істеуге үйретеміз», - дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Ол екінші мәселе сабақ беру әдістемесі, киберпедагогика, балалардың оқу үлгерімін қалай бағалау керектігі және сабақты қалай беру керектігі туралы екенін айтты.

«Сыныпта сабақ беру мен қашықтан сабақ берудің айырмашылығы өте көп. Оқу әдістемесі тұрғысынан қарағанда бұл өте маңызды процесс, сол себепті алдымызда әріптестеріміздің кәсіби біліктілігін арттыру мәселесі тұр. 20 шілдеден бастап мұғалімдер еңбек демалысынан жұмысқа шыға бастайды. Сол кезде осы курстардан өтеді», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT