+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қашықтан оқыту: КВИ жұқтырғандардың арасында оқушылар мен мұғалімдер жоқ

2020 жылғы 25 мамыр 18:08
Бөлісіңіз:
Қашықтан оқыту: КВИ жұқтырғандардың арасында оқушылар мен мұғалімдер жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Қазақстандағы қашықтан оқыту тәртібінің жетістігін туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавируспен күресте халықтың мемлекетке сенім деңгейін талдау қажет – сарапшы Даниал Ахметов Өскемен мен Семейде ауыр науқастарға арналған бөлімшелерді ашуды тапсырды Қазақстанда 1 314 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

«Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, жұмыстағы адамдардың 70 пайызы қашықтан жұмыс жүргізу тәртібіне көшкен болатын. Оқытудың өзі де 100 пайыз – түгелдей қашықтан жүргізуге ауыстырылғанын білесіздер. Әйтсе де қашықтан жұмыс жүргізу тәртібіне көшпеген ұжымдардың ішінде коронавирусты жұқтырғандардың артып келе жатқанын көріп отырмыз. Осы ретте бір жарқын мысалды келтіре кетейін: білім жүйесінде, мектептер, университеттер мен колледждер толығымен қашықтан оқытуға көшіп кеткеннен кейін біз оқушылар, студенттер мен мұғалімдер арасында вирус жұқтырғандар мүлде тіркелмей жатқанын көріп отырмыз», - деді Тимур Сұлтанғазиев Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасындағы сұхбатында.

Оның айтуынша, қашықтан жұмыс жүргізу тәртібіне көшпеген ұжымдардағы жұмыскерлер қарапайым сақтық шараларын ұстанбай, мұның салдары айқын көрініп отыр.

«Осыған байланысты өткен аптадан бастап белсенді түрде жергілікті жерлерде рейд шараларын жүргізе бастадық. Аймақтардағы штабтардың бәріне де осындай тапсырма берілді. Жедел штабтар бақылау комитетінің, полиция өкілдерімен бірге шығып, мейрамханалар мен дәмханаларды тексереді. Өткен аптада 10 мыңға тарта нысан тексеріліп, 1 мыңға тарта ереже бұзушылық анықталды. Осы тексерістің нәтижесі бойынша жұмысын тоқтатқан кәсіпорындар да бар. Кейбір кәсіпорындарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл жұмыс жалғасын табады», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT