+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Қашықтан оқытуда мұғалімдердің жалақысы кемімейді - министр

2020 жылғы 31 наурыз 14:52
Бөлісіңіз:
Қашықтан оқытуда мұғалімдердің жалақысы кемімейді - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қашықтан оқыту форматы мұғалімдер мен оқытушылардың еңбекақысына әсер етпеуі тиіс. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жағдайды осылай түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қашықтан оқыту форматы жалақыға еш әсер етпеуі керек, жалақы да азаймауы керек. Өйткені әріптестеріміз сол баяғы жұмыс көлемін атқарады. Дайындық жұмыстары әдеттегіден де көп болатын кездері болады. Сондықтан, мұғалімдердің жалақысын өзгертпеу туралы тапсырма бердік. Бұл тапсырма арнайы бұйрықта нақты бекітілген», - деп жауап берді министр Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сауалына.

Еске сала кетсек, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты мектеп оқушылары, ЖОО және колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Бұған дейін министр қазақстандық мектеп оқушыларының теледидар, радио, интернет және пошта арқылы білім алатынын мәлімдеген еді.

1 сәуірде Қазақстанның барлық мектептері қашықтан оқыту бойынша сынама сабақ өткізеді.

Барлық сұрақтар бойынша Білім және ғылым министрлігінің 1450 колл-орталығына хабарласуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT