Қашықтан оқыту: Жоғары оқу орындары дәстүрлі форматқа қашан ауысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова университеттерде білім беруді дәстүрлі форматқа ауыстыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дәстүрлі форматқа ауысу бойынша Денсаулық сақтау министрлігі өз тарапынан тиісті шешімді қабылдайды. Бұл мәселе эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер тиісті рұқсат болса, онда жоғары оқу орындары қуана-қуана дәстүрлі форматқа көшеді», - деді комитет басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде.

Айта кетейік, Гүлзат Көбенова қашықтан оқыту кезінде кейбір ЖОО-лар академиялық саясатын дұрыс жүргізбейтіндігін мәлім етті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов 18 қаңтардан бастап 1 курс студенттері көбінесе дәстүрлі форматта оқи бастайтынын айтқан еді.

Қазақстанда 128 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Білім алушылардың контингенті – 619 861 адамды құрайды.


Соңғы жаңалықтар