+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Қашықтан оқыту тұрғысында Күнделік жүйесін нығайту керек

2020 жылғы 4 сәуір 14:58
Бөлісіңіз:
Қашықтан оқыту тұрғысында Күнделік жүйесін нығайту керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстанда мектеп оқушыларына онлайн түрде сабақ беру неліктен мүмкін болмағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде стримингтік жүйелерді пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру мүмкін болмай тұр. Себебі аталған жүйелер осыншама ауқымды пайдаланушыға қызмет көрсетуге дайын емес және елеулі жүктемені сезініп отыр», - деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен.

Оның сөзіне қарағанда, 1 сәуірде тиісті тестілеу жүргізілген, алайда шетелдік Zoom сервисі мектеп оқушыларына қызмет көрсету бойынша жүктемені көтере алмады.

Сонымен қатар ол бүгінде барша әлемде интернетпен әрі түрлі сервистердің жұмысында проблемалар бар екенін жеткізді. Барлық әлем елдерінде техникалық қуатты екі есеге арттыру қажеттігі туындады.

Оның сөзіне қарағанда, ҚР Білім және ғылым министрлігінде тиісті Kundelik жүйесі бар.

«Күнделік жүйесін біршама нығайту керектігі түсінікті болып тұр, яғни қашықтан кеңейтілген түрде оқытуды ұсыну үшін опциялар тұрғысында жетілдіру қажет», - деді А. Жұмағалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT