Қашықтан оқыту: Мұғалімдер мен оқушыларға арналған тарифтік жоспар іске қосылуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мұғалімдер мен оқушыларға арнайы тарифтік жоспар шығару мәселесі пысықталып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұялы байланыс операторлары мен мұғалімдер мен оқушыларға арналған тарифтік жоспар шығару мәселесі пысықталды. Бұл тарифтік жоспар мұғалім мен оқушы арасындағы лимитсіз қоңырауларды, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі белгілеген білім беру отандық ресурстарына қолжетімділікті қарастырады», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бұл қашықтықтан оқытуға көшуге, сондай-ақ, еліміздің шалғай елді мекендерінде электрондық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар