Қашықтан оқыту мәселелерін реттеуге бағытталған заң жобасы Сенатқа жолданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілісте ҚР-ның ның кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасы 2020 жылдың 30 қыркүйегінде Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Әбдіманап Бектұрғановтың айтуынша заң жобасының мақсаты – білім беру процесін одан әрі жетілдіру. Заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар

Қашықтан оқыту мәселелерін реттеуге, жергілікті бюджеттерде бекітілген қаражат көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға, білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында әкелуге тыйым салынған немесе пайдаланылуы шектелген заттардың тізбесін бекіту бойынша уәкілетті органның құзыретін айқындау көзделіп отыр. Одан бөлек заң жобасының көмегімен оқулықт пен оқу-әдістемелік кешендердің сапасын арттыруға бағытталған түзету енгізілген.

«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына, үлгілік оқу бағдарламаларына сараптама жүргізу және оларды сынақтан өткізу ұсынылады. Шетелдік білімді және біліктілікті шетелдік дипломның баламалылығын анықтамай-ақ тануға мүмкіндік беретін «білім туралы құжаттарды нострификациялау» рәсімін «білім туралы құжаттарды тануға» ауыстыру көзделуде», - деді ол.

Заңының жобасын екінші оқылымда мақұлданып, Сенат қарауына жіберілді.


Соңғы жаңалықтар