+7 (701) 759 90 19
USD 425.63 EUR 515.99
RUB 5.92 CNY 66.52
Jańalyqtar

Қашықтан оқыту кезінде мұғалімнің жалақысы азаймайды - БҒМ

2020 жылғы 5 сәуір 16:30
Бөлісіңіз:
Қашықтан оқыту кезінде мұғалімнің жалақысы азаймайды - БҒМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қашықтан оқыту кезінде мұғалімнің жалақысы азаймайды. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова онлайн брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
75 балдан кем жинаған талапкерлер докторантураға грантқа түсе алмайды Соңғы 2 жылда 800-ден астам қазақстандық студент халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанды ШҚО-да биыл 70-тен астам сотталушы орта білімі туралы аттестат алды

«Қашықтан білім беру жағдайында мұғалім жұмысты көп істемесе, аз істеп тұрған жоқ. Өйткені, осыған дейін бір сыныптың ішінде оқушылармен жұмысты тиімді ұйымдастырған болса, қашықтан оқыту кезінде әр оқушымен жеке жұмыс істеп отыр. Сәйкесінше, мұғалімнің жұмысы азайған жоқ. Сондықтан сіздердің еңбекақыларыңыз толықтай сақталады», - деді вице-министр.

Осы орайда ол мұғалімдер оқу жоспарына байланысты жүргізетінін, сол бойынша ебекақы төленетінін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Шолпан Каринова қашықтан оқуда мұғалімдерден есеп беру талап етілмейтінін атап өтті.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі жүйесінде «маршрут парағы» деген құжат жоқ екені, бұл құжаттың мұғалімдерге еш қатысты еместігі айтылды.

Айта кетейік, Қазақстанда мектеп оқушыларының сабағы жаз айларына шегерілмейтіні түсіндірілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT