Қашықтан оқыту: Атырау облысындағы шалғай ауылдарға интернет тартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы интернет байланысы нашар елді мекендердің мәселесі шешіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз мәслихатында Атырау облысындағы кейбір елді мекенде интернет сапасы нашар болуына байланысты оқушылар қашықтан оқуда қиындықтарға тап болғаны туралы сұрақ қойылды.

Өз кезегінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры Гүлнәр Бөкеева бұл мәселеге қатысты бұған дейін сауал болғанын жеткізді.

«Біз осы мәселені байланыс операторларымен қарастырған болатынбыз, қазан айының соңына дейін тиісті елді мекенге интернет тартылуы керек. Осы ауылдардағы балалар интернаттарда оқуы тиіс еді, алайда індетке байланысты ата-аналары балаларын үйде қалдырды. Сондықтан осындай жағдай орын алды», - деді Г. Бөкеева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Орталық коммуникациялар қызметінде мектеп оқушыларына арналған «DDaryn.online мен Kundelik.kz платформалары бірігіп жатқаны мәлім болды.



Соңғы жаңалықтар