+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Қашықтан оқыту: Агенттік ноутбук пен планшетке бөлінген қаражаттың 3 млрд теңгесін үнемдеді

2020 жылғы 18 қыркүйек 15:33
Бөлісіңіз:
Қашықтан оқыту: Агенттік ноутбук пен планшетке бөлінген қаражаттың 3 млрд теңгесін үнемдеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін керекті ноутбуктер мен планшеттерге, компьютерлерге 70 млрд теңгенің бөлінуіне талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қашықтан оқыту: Оқушылардың білім жетістіктері қалай бағаланады Түркістан облысының оқушыларына 57 мыңнан астам компьютер сатып алынған Оқушылар каникул кезінде жеке сабаққа қатыса алады - Асқар Мамин

«Білім және ғылым министрлігі қашықтан оқытуға арналған компьютерлерді, ноутбуктер мен планшеттерді сатып алу мәселесін бақылауды өтінген еді. Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдарымен жүргізілетін алдын алу жұмысы - тиімділік көрсеткіші болып отыр», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Айнагүл Кәріпова онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұл қажеттілік үшін Үкімет қорынан 70 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.

«Біздің қызметкерлеріміздің қатысуымен жұмыс топтары, қоғамдық комиссиялар сатып алынатын ұйымдастыру техникасының бағасын төмендетіп, 3 млрд теңге үнемдеді», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT