Қашықтан оқуда елордалық оқушылардың тамақтануына бөлінген қаржы қалай игерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда мектептерінде білім алатын 1-4 сынып оқушыларын тамақтандыру үшін 2020 жылға 5 млрд 200 млн теңге бөлінген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылға арналған бюджетте 1-4 сынып оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру үшін 5 млрд 200 млн теңге сомасында қаржы қарастырылғандығын түсіндіре кетейін. Өткен оқу жылының 4-тоқсанында оқушыларды тамақтандыру бойынша үнемделген 1 млрд 600 млн теңге қашықтан оқытуды ұйымдастыруға қайтадан бөлінді. Оның ішінде компьютерлік техника сатып алуға, интернет байланысы, сонымен қатар барлық білім беру ұйымдарына бейне бақылау камераларын орнатуға жұмсалды», - деді ол елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның нақтылай түсуінше, аталған қаржыға 5 200 роутер, 2 613 компьютерлік техника сатып алынып, білім беру ұйымдарына бейне бақылау камералары орнатылған.


Соңғы жаңалықтар