Кашмирдегі тау жынысы сырғымасынан 62 адам қаза тапты

None
None
КАШМИР. ҚазАқпарат – Кашмирде соңғы үш күн ішінде болған тас пен топырақ сырғымасы мен көшкін салдарынан 62 адам қаза тауып, көптеген адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Әсіресе, Нилум алқабы қатты зардап шекті (екі жағын тау қоршаған 130 шақырымдық ай пішіндес жіңішке алқап). Бұл өңірде табиғи апат жиі болып тұрады, дегенмен осы жолғы апат тарихтағы ең ауқымдысы болып отыр.

Пәкістанның басқа да бөлігіндегі ондаған адам, Үндістан мен Ауғанстан халқы қолайсыз ауа райының құрбаны болды.

Кашмир қатты зардап шеккен аудандардың бірі: 62 адам қаза тауып, бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кетті, делінген Пәкістан ұлттық табиғи апатқа қарсы күрес басқармасының хабарламасында.


Пәкістанның Белужистан провинциясында, ресми мәліметтерге сәйкес, 20 адам қаза тапты, соның ішінде 12 әйел және 7 бала бар.

Жергілікті БАҚ-тың дерегі бойынша, Үндістанда сегіз адам мерт болған.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Ауғанстанда соңғы екі апта ішінде 24 адам қаза тауып, 40 адам жарақат алған. Қатты зақымдалған провинцияларға Гильменд, Кандагар, Герат және Кабул кіреді. Мұнда құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Пәкістан билігі ВВС-ге хабарлағандай, Нилум алабында тас-топырақ көшкіні мен сырғымадан 59 адам қаза тауып, 40 адам жарақат алған. 100-ден астам үй қираған.

Полицияның мәліметінше, алапқа апарар жолдардың барлығы жабылып қалған. Сондықтан құтқару командалары онда бара алмай жатыр.



Соңғы жаңалықтар