Қашағанның мұнайы қыркүйектің 24-інде өндіріле бастайды - Сауат Мыңбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қашағанның мұнайы қыркүйектің 24-інде өндіріле бастайды. Бүгін Ақордада өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Жиын барысында Елбасы бірқатар өңір басшыларын тыңдай келе, Қашаған мәселесіне назар аударды. «Еліміздің күтіп отырғаны Қашағанның алғашқы мұнайы. Оның Қазақстанға, елдің дамуына әкелетін пайдасы мол. Не болып жатыр жағдай?», деп сұрады Мемлекет басшысы ұлттық мұнай-газ компаниясының басшысына қарата айтқан сөзінде. «Қашаған бұйырса осы айдың аяғында мұнай өндіруге кіріседі. Сосын қараша айының соңына таман, бұйырса коммерциялық өндіруге жетуді ойлаған жоспарымыз бар. Енді жұмыстар ақырындап, байыппен атқарылуда. Бұйырса, қыркүйектің 24-інде алғашқы мұнай өндіруді бастамақ», деді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев.

Өз кезегінде Президент Қашағанға қатысты мәселені баяндап тұруды тапсырды.  

Соңғы жаңалықтар