«Қашағаннан» төрт жылда 50 млн тонна мұнай өндірілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнынан төрт жылда өндірілген мұнайдың көлемі 50 млн тоннаға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC компаниясы тағы бір маңызды көрсеткішке қол жеткізді. «Қашаған» кен орны 2016 жылдан бері 50 млн тонна мұнай өндіріліп, экспортталды» -деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Компания COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында қауіпсіздік шараларын қабылдап, нысандардағы жұмыс күшін шектеген. Соған қарамастан, «Қашаған» кен орнын игерудің бірінші кезеңі шеңберінде мұнай өндірудің тұрақтылығын, өзге де нысандардың жұмысын қамтамасыз етуде.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Қашаған кенішінде өндірілген мұнай үш млн тоннаға жеткенін хабарлап едік.
- Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы сайланды
- Америка әншісі мәнерлеп сырғанаған атыраулық оқушыға қолдау білдірді
- Атыраудың 8 ықшамауданында тұрғындар жарықсыз отыр
- Атырауда Тауман Амандосов атындағы сыйлықтың иегерлері анықталды
-
Семей қазандықтары арнайы тексеруден өтеді
-
Атырау облысында жоғалып кеткен 3 адам табылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам