Қашағанда жылына 4 млрд текшеметр газ өңдейтін зауыт салуға мүдделіміз – Мемлекет басшысы

None
СИАНЬ. ҚазАқпарат - Қашағанда жылына 4 млрд текшеметр газ өңдейтін зауыт салынуы мүмкін. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиань қаласында өткен қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстел барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы еліміз мұнай экспортын көбейту үшін «Қазақстан – Қытай» мұнай құбырын кеңейтуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

«Қолданыстағы құбырлардың (яғни, «Атырау-Кеңқияқ» және «Кеңқияқ-Құмкөл») мұнай тасымалдау мүмкіндігін арттыру да өзекті мәселе. Қазір мұнай өнімдерін тұтыну көлемі артып келеді. Сондықтан Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік әлеуетін жылына 6-дан 12 миллион тоннаға жеткізу көзделген. Біз бұл салада көптен бері CNPC-мен бірге табысты жұмыс істеп жатырмыз. Қазақстан үшін газ өңдеу қуатын арттыру және газ тасымалдау жүйесін кеңейту басым бағыттың бірі саналады. Осы ретте «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді мұнай құбырының екінші желісін салу өте маңызды. Сондай-ақ Қашаған кен орнында жылына 4 миллиард текшеметр газ өңдейтін зауыт салуға мүдделіміз, – деді Тоқаев.

Бұған дейін Мемлекет басшысының қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысқанын жазған болатынбыз.

Президенттің ҚХР-ға сапары аясында құны 22 млрд доллар болатын 47 құжатқа қол қойылды


Соңғы жаңалықтар